АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА

облыс әкімі Бөлекбаев Ермағанбет Қабдулаұлы ауданымызға арнайы іс - сапармен келді. Алдымен аудан әкімі М.Мұхтаров аймақ басшысына аудан орталығындағы екі жылға жоспарланған тұрғын үй құрылысын көрсетіп, ағымдағы жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай - ақ, Ақсу-Аюлы ауылында жүргізілетін кәріз жүйесі құрылысының жұмыстары туралы ақпарат берді. Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралауда аудандық орталық аурухана жанындағы қосымша инфекциялық ғимартты қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Осыдан кейін, аймақ басшысы аудан орталығындағы ветеринариялық лабороторияда болды. Қазіргі таңда аталмыш республикалық бюджеттегі ғимарат тиісті санитарлық талаптарға сай келмейді. Осыған орай, аймақ басшысы ғимараттың бірқатар проблемалық мәселелерін ауданның шаруа құрылымдары көмегімен қалпына келтіруді ұйымдастыруды тапсырып,ал, облыс көлемінде туындайтын мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, шешу жолдарын қарастыруды міндеттеді.
Аудандағы құрылыс нысандарын аралағаннан соң, көпшіліктің көкейкесті мәселелеріне көңіл аудару мақсатында, аудан орталығындағы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында жалпы ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар тілге тиек етіліп, тұрғындармен сұрақ - жауап алмасты. Айтулы жиынға қатысқан азаматтар әлі де өз шешімін күткен мәселелерді облыс әкіміне тікелей жолдап, оларға толыққанды жауаптары берілді. Сонымен қатар, аймақ басшысы кездесуден кейін тұрғындарды өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.