
Ағымдағы жылдың 14-16 маусым аралығында Теміртау қаласында ауыл жасөспірімдерінің ІІІ облыстық жазғы спартакиадасы өтті. Спартакиадаға ауданымыздан толық құрамада 93 спортшы бақтарын сынап, қорытындысы бойынша бес асық, дзюдо І - орын, волейбол ұлдар мен қыздар, қол күрес, асық ату, үстел теннисі ұлдар ІІ - орын және үстел теннисі қыздар ІІІ - орынды иеленді. Осы нәтижемен жерлестеріміз жалпы командалық есепте облысымыздың аудандары ішінде 536 ұпаймен Шет ауданы жеңімпаз атанды. Осымен ауданымыз екі жыл қатарынан спартакиада чемпионы атанып отыр. Жерлестерімізді толағай жеңістерімен құттықтай отыра, осындай бәсекелерде ауданымыздың мәртебесін әрдайым асқақтата берсін демекпіз.