Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі - медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн.
«Бірінші байлық – денсаулық», деп дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға дем беретін дәрігерлер қауымы қашанда құрмет тұтуға лайықты жандар.
Халықтың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағыты деп білеміз.

Ардақты дәрігерлер!
Қымбатты сала мамандары!
Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, қажырлы қызметтеріңізге табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін! Төгілген тер, танытқан төзімдеріңізге алғыс айтамын!
Саламатты ұлт қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жанып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!
Ізгі ниетпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров.