Ағымдағы жылдың мамыр айының 28 мен маусым айының 8 аралығында Павлодар және Астана қалаларында Халықаралық “The Planet of Art-2023”байқауының соңғы кезеңі Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі мен Халықаралық UNESKO ұйымының қолдауымен өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айының 28 мен маусым айының 8 аралығында Павлодар және Астана қалаларында Халықаралық “The Planet of Art-2023”байқауының соңғы кезеңі Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі мен Халықаралық UNESKO ұйымының қолдауымен өткізілді. Аталмыш байқауға Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттерінен 5 мыңнан астам талантты жас дарындар қатысты. Байқау вокал, хореография, аспапта орындау бағыт бойынша іріктелді.
Ақпан, наурыз айларында өткізілген офлайн іріктеуден ауданымыздан Сыдық Мұхамеджанов балалар өнер мектебінің оқушысы Қайролла Ділназ іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Ұстазы Б. К. Аханова. Ділназ байқау жеңімпазы лауреат атанып, Павлодар және Астана қалаларында өткен гала концертке жолдама алды.
UNESKO ұйымының бас директоры Одри Азуле арнайы Франция мемлекетінен келіп барлық жас таланттарды құттықтап, шынайы лебізін білдірді. Аталмыш фестиваль соңында оқушылар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Осы үлкен байқауға қатысқан Ділназға әрдайым жолың ашық, бағындырар асуларың көп болсын демекпіз.