МОЙЫНТЫ КЕНТІ ЖӘНЕ КИІКТІ, БОСАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗДІ

МОЙЫНТЫ КЕНТІ ЖӘНЕ КИІКТІ, БОСАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗДІ

2023 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары және алда тұрған жоспарлары туралы тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында Мойынты кенті мен Киікті және Босаға ауылдық округтерінің әкімдері баяндама жасап, алда атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
Киікті ауылының тұрғындары жол жөнделсе, спорт кешені салынса деген өтініштерін көтерсе, Босаға ауылының тұрғындары таза ауыз су, мал жайылым жер және жол жөнделсе деген өтінштерін алға тартты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс әкімінің қолдауымен Мойынты кентіндегі және Босаға ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөліну жоспарлануда.Сондай - ақ, аудан басшысы Киікті ауылының ішкі көше жолдарына ақ төсеніш төсеуге және “Ермак” өрт сөндіретін құрылғысына қаражат бөлінетінін жеткізді.
Кездесу соңында тұрғындар жеке мәселелері бойынша аудан басшысының қабылдауында болып, заң аясында жауаптарын ала алды.