
Ауданымызға қарасты Ақжал мен Ақшатау кенттерінің әкімдері кент тұрғындары алдында 2023 жылдың І тоқсанындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат - жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат төрағасы С.Социал және ауданның сала бөлім басшылары қатысып, тұрғындар тілегіне құлақ асты.
Кездесулер барысында кент тұрғындары өздерінің өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, тұрғындардың жеке сауалдарына тиісті сала бөлім басшылары жауап беріп, кейбір мәселелер жұмыс жоспарына алынды.
Сондай-ақ, аудан басшысы өз кезегінде Ақшатау кентінің тұрғындарына мәдениет үйі мен мектептің жылу беру жүйесінің биылғы жылы жаңартылып, ауыстырылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, кездесуден кейін аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.