ҮҢІРЕК, С.СЕЙФУЛЛИН, ӨСПЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ!

ҮҢІРЕК, С.СЕЙФУЛЛИН, ӨСПЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ!

Кеше ауданымызға қарасты Үңірек, Өспен ауылдық округтері мен С.Сейфуллин кенті әкімдері І бойынша тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізіп, атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері мен аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат хатшысы С.Социал қатысып, жергілікті елді – мекен тұрғындарының мәселелері бойынша сұрақ – жауап алмасты. Оның ішінде тұрғындар тарапынан жайылым жер алу, жедел жәрдем көлігінің қажеттілігі, көше жарық шамдарысынды мәселелер көтеріліп, оларға заңдылықтар аясында жауаптары берілді.
Сонымен қатар аудан басшысы өз кезегінде Өспен ауылына қосалқы су ұңғымасын қазып беруді, ауылға көше жарық шамдарын тартуды және С.Сейфуллин кентіндегі 3 этажды тұрғын үйдің қасбетін жаңартумен қатар ішкі көшелеріне жарық бағаналарын орнатуға бюддеттен қаражат бөлгізетінін жеткізіп, ауыл әкімдеріне сұраныс беруін тапсырды.
Кездесу соңында аудан басшысы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдады. Туындаған барлық мәселелерге тиісті жауаптары беріліп, алдағы іс-шаралар жоспарына алынды.