ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 10-11 маусым күндері Қырғызстан мемлекетінің Бішкек қаласында ерлер арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатта жерлестеріміз Жұмажан Дастан 73 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанса, Каргулов Алдияр 60 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Осы орайда жерлестерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтай отыра, алдағы байрақты бәсекелерде көк туымызды көкке желбіретіп, биік белестерді бағындырсын демекпіз.