
Ағымдағы жылдың 7-11 маусым аралығында Астана қаласында самбодан Азия чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатта спорт шеберлері арасындағы байрақты бәсекеде жерлестеріміз Айнатаев Самалбек 98 келі салмақта күміс жүлдеге ие болса, Омаров Ерсайын 64 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізіп отыр. Осы орайда жерлестерімізді жүлделерімен құттықтай отыра, алдағы байрақты бәсекелерде бақтары жансын демекпіз.