КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Аталмыш аппарат отырысы Абай облысындағы тілсіз жауда қаза тапқан орман шаруашылығының қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, аудан басшысы қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.
Сонымен қатар, күн тәртібінде аудан елді мекендерінде кәсіпкерлік және өзге де мақсатта берілген жер телімдеріне жүргізілген талдаудың қорытындысы туралы айтылды.
Сондай-ақ ағымдағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары туралы және БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстар туралы мәселелер қозғалды.
Жиын соңында, аудан басшысы аудан аумағындағы суға түсу аймақтарын және дала өрттерінің алдын алу мен оған дайындық барысын күшейтуді жеткізді.