КЕНШОҚЫ, ТАҒЫЛЫ, ТӨМЕНГІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ!

КЕНШОҚЫ, ТАҒЫЛЫ, ТӨМЕНГІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ!

Жұртшылыққа жергілікті ауыл әкімдері І тоқсан бойы атқарылған жұмыстарына тоқталып, алда тұрған мақсат – жоспарларымен бөлісті. Аталмыш кездесулерде аудан әкімі М.Мұхтаров және ауданның сала бөлім басшылары қатысып, көтерілген мәселелерге жауаптарын берді. Жиын барысында тұрғындар малға жайылым жер, ауылды аббаттандыру бағытында бірқатар сұрақтар мен ұсыныстарын жолдады. Сонымен қатар, Жұмыскер ауылының тұрғындары тарапынан кейінгі жылдары атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қолдау білдіріп отырған аудан әкіміне алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік ағымдағы жылы Жұмыскер ауылының 90 жылдығына қарсы іс-шара құрылып сол іс- шара аясында бірқатар жұмыстар белгіленді және келер жылы Төменгі Қайрақты ауылының 80 жылдығына байланысты іс-шара жоспары әзірлененіп, жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ кездесуде түскен басқада мәселелер алдағы жұмыс жоспарына алынды.