
Ауданымызға қарасты Дәрия кенті, К.Поляна және Ақой ауылдық округ әкімдері ауыл жұртшылығы алдында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат - жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров пен сала бөлім басшылары қатысты.
Маңызды шараларда Дәрия кентінің тұрғындары аудан әкіміне кентішілік жолға төселген асфальтқа қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.
Шара барысында тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға тиісті сала бөлім басшылары жауап беріп, кейбір мәселелер жұмыс жоспарына алынды.