
Кеше ауданға қарасты Көктіңкөлі, Батық және Бұрма ауылдық округтерінің әкімдері тұрғындар алдында І тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары мен алда тұрған жоспарлары туралы есеп берді. Есептік кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров және ауданның сала бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аталмыш кездесулер сұрақ-жауап форматында өтті. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің басшысы М.Менисов тұрғындарға заң жүйесі бойынша кеңес беріп, қазіргі кезде белең алып жатқан интернет алаяқтық пен қатар басқада маңызды мәліметтерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында Батық ауылының тұрғындары тарапынан ауыл жылқысын бағуға жер және балалар ойын алаңын салып беруді өтінсе, Бұрма ауылының тұрғындары мал жайылымына жер, балалар ойын алаңын орнатып беруді алға тартып, бірнеше жыл бойы кездесулерде көтеріліп жүрген таза ауыз су мәселесі биылғы шешімін тауып, ауыл тұрғындары тұтынып отырған судың деңгейі мен тазалығын айтып осы мәселені шешіп беруге ықпал еткен аудан басшысына алғыстарын білдірді.
Жиын сокында, аудан әкімі Батық ауылының таза ауыз суының деңгейі төмендеуі байқалып отырғанын, қазіргі ауылды қамтамасыз етіп тұрған таза ауыз су алдағы уақытта жетпей қалу қауіпі бар екендігін, сондықтан алдын ала дайындық шараларын дайындау жұмыстарын жүргізуді ауыл әкіміне тапсырып, басқада көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмаларын беріп, барлық мәселенің өз бақылауында болатынын жеткізді.