
Ауданымызда ауыл,кент әкімдерінің І тоқсан бойынша қорытынды есеп беру кездесулері басталды. Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін алғашқы болып, Ақшоқы, Талды және Нұраталды ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.
Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ- жауап форматында өтті. Сондай-ақ, есеп беру кездесулерінде аудан прокуроры да тұрғындарға маңызды мәліметтер беріп отырды. Кездесулерде жергілікті жерде интернеттегі алаяқтыққа жол бермеу, өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту екендігіне тоқталып өтті.
Көтерілген мәселелерге тоқталсақ, ауыл тұрғындары тарапынан кейбір елді мекендерге көшелеріне жарықшамдар, таза ауыз су мен жер мәселелер айтылды. Мәселен, Нұраталды ауылының жұртшылығы ауылға тұрақты электр тоғының болуын қамтамасыз етуді өтінсе, ал, Талды ауылының тұрғындары қалған екі көшеге жарық шамдарын орнату мен қатар ауылдың электр тоғының тұрақтылығын қамтамасыз етуін алға тартты. Осыған орай, аудан әкімі өз кезегінде, Ақшоқы ауылының ауызсуының мердігері анықталып, құрылыс жұмыстарының дайындығы жүргізілетінін жеткізді. Осы айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.