
Шет аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық бұзушылық профилактикасы, қылмыстың жекелеген түрлерінің алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді. Аталмыш кеңеске аудан әкімі М.Мұхтаров және сала, бөлім басшылары қатысты. Сондай-ақ, жиын барысында аудан прокуроры Е.Жаппар қазіргі кезде алып отырған кемшіліктерге тоқтала отырып, видео фильм көрсетті және аудан прокурорының орынбасары Ә.Күлпеисов құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша баяндама жасады.
Кеңес соңында аудан прокуроры мен аудан басшысы аумақтағы қылмыстың өсу тенденциясын алдын алу үшін жан-жақты ұйымдастырушылық шаралар қабылдау туралы нұсқаулар берді.