
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмыстарын ұйымдастыру барысы қаралды.
Сондай-ақ, ағымдағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстары жайлы мәселелер қозғалды. Нәтижесінде аудан басшысы әр салаға байланысты алдағы уақытта атқарылуы керек жұмыстарды межелеп, жауапты басшылыққа тиісті тапсырмаларын берді.