
Жуырда Тараз қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өтті. Аталмыш жарысқа еліміздің 20 өңірінен 227 спортшы қатысып, жерлесіміз Смагулов Жансай 73 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Осы орайда жерлесімізді жүлдесімен құттықтай отыра, алдағы байрақты бәсекелерінде бұданда биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.