ҰЛТТЫҚ СПОРТЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ!

ҰЛТТЫҚ СПОРТЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ!

Кеше аудан әкімінің қолдауымен және Ақсу-Аюлы ауылы азаматтарының демеушілігімен ұлттық спортымыз қазақша күрес пен бәйге түрлерінен жарыс болып өтті. Аюлы тауының бөктеріндегі Қаштайсай алаңында өткен дүбірлі додаға алыс жақыннан сайдың тасындай іріктелген балуандар мен жүйткіген жүйрік мінген шабандоздао келіп қатысты. Айтулы жарыста аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшылар мен шабандоздарға сәттілік тіледі және ардагер спортшы А.Қызылов пен ауыл ақсақалы А.Рашитов жарыстың керемет деңгейде өткенін атап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Қалың көпшіліктің қызу қолдауына ие болған ұлттық спорт сайысында тай, құнан, топ және аламан бәйге бойынша ал, қазақша күресте 2007-2008 жылдары туған жасөспірім балуандар бақсынасты. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер тарапынан тігілген қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, игі шараның соңы ұйымдастырып отырған ауыл азаматтарының бастамасымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіліп, қайырымдылық іспен жалғасын тапты.