
Бүгін 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздері күні мерекесіне орай, аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің алдында орналасқан тутұғыр алаңында салтанатты шара өтті. Аталмыш шараға аудандағы барлық мемлекеттік мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, оқушылар және ауыл жастары арнайы қатысып, аудан әкімі М.Мұхтаров көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән шашу шашып, аудан жастары мерекеге орай мерекелік шеру ұйымдастырды.
Тәуелсіздігіміз баянды, егемендігіміз мәңгілік болғай!
#МеніңТуымМеніңмақтанышым