МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРДА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРДА

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жастарды жан-жақты қолдау – біздің сөзсіз басымдықтарымыздың бірі екенін атап өтті.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік қызметке жас кадрларды тарту үшін әр түрлі шаралар ұйымдастырылуда, олардың бірі «ашық есік» күні.
Шет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырумен бүгін аудан әкімдігінде 9-10 сынып оқушылары шақырылып, мемлекеттік қызметте орын алып жатқан өзгерістермен таныстырылды.
Жалпы 2023 жылы мемлекеттік қызметке орналасуға бір талай өзгерістер енгізілді.
Әсіресе мемлекеттік қызметті жастарға тартымды етуіне көп шаралар қабылданды.
Олардың бірі жоғарғы оқу орындарын жоғары баллмен бітірген жастар бір жыл ішінде ауданның кез келген мемлекеттік мекемесіне төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасуға құқылы.
Сонымен қатар, 2023 жылдың басында біліктілік талаптарына өзгерістер еңгізіліп бас маман және жетекші маман лауазымдарына орта арнаулы біліммен еңбек өтілісіз орналасуға мүмкіндік қарастырылған.
Шара барысында оқушылармен қызықты сұқбат өткізіліп, оқушылардың болашақтарына деген көз қарастары туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар мемлекеттік қызметке қызығушылықтарын білдіріп, мемлекетке орналасу тәртібі және мамандық таңдау бойынша ақпарат алды.
Шара соңында оқушылар аудан әкімдігі ғимаратын аралап атқарып жатқан жұмыстармен танысты.