ГЕОЛОГИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРЛАНУДА

ГЕОЛОГИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРЛАНУДА

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров Орталық Азия бойынша жоба жетекшісі Сарай Таутаримен кездесті. Аталмыш кездесу барысында ауданға қарасты Ақшатау кенті және Кеншоқы ауылдық округінің маңына геологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша презентациясы ұсынылды. Айта кетейік, “Казахстан Фортескью” ЖШС-гі геологиялық жұмыстар жасауға тиісті лицензияларын таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан басшысы бірқатар талаптар қойып, тиісті бөлім басшыларына жүргізілетін жұмыстарды бақылауға алуын тапсырды.