Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы жиналыс өтті

Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы жиналыс өтті

Аудан әкімінің тікелей тапсырмасы бойынша елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын бюджеттен тыс жүргізу үшін ауыл тұрғындарын ұйымдастырып, жасалатын жұмыстарды ауылдың бас жоспарына енгізу және орындау тапсырылған болатын.
Осыған орай, жуырда 23-26 мамыр аралығында ауданның 24 ауылдық округ, кент әкімдері тапсырмаға сәйкес өздері ұсынып отырған бір көшенің бойын абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын атқару бойынша аудан әкімінің алдында қорғады. Аудан басшысы бюджеттен бөлінген немесе бюджеттен тыс қарастырылған қаржыны сапалы жұмсап, көшенің көркіне аса қатты көңіл бөлуді тапсырды. Айта кетейік ағымдағы жылдың тамыз айында комиссиялық тұрғыда барлық ұсынылған көшелерді аралап, «Таза көше» номинациясы ұсынылатын болады. Аталмыш номинацияны жеңіп алған ауылға қосымша абаттандыру жұмыстарына қомақты қаржы қарастырылатын болмақ.