МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

Жуырда мамыр айының 27 күні мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Балқаш қаласында әкімдік қызметкерлер мен олардың құрылым мүшелері арасында “Оңтүстік” тобының аймақтық жарысы өткен болатын. Аймақтық топ мүшелері саналатын Шет, Ақтоғай аудандары мен Балқаш, Приозерск қалаларынан келген құрама командалар спорттың 4 түрінен өзара бақсынасты. Біздің ауданымыздан барған азаматтар қарсыластарынан оқ бойы озық көрініп, үстел теннисінен І орынды, волейбол, футболдан ІІ орынды және суға жүзуден ІІІ орынды иеленіп, жалпылай командалық есепте жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Әр спорт түрінен І орын алған аудан, қала командалары алдағы уақытта өтетін облыстық спартакиадаға жолдама алды. Осы орайда, ауданымыздың атын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көріне білген жерлестерімізді жетістіктерімен құттықтап, облыстық спорт додасында да биіктерден көрінулеріне тілектеспіз.