
Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров Тағылы ауылдық округіне қарасты Жұмыскер ауылына арнайы іс-сапармен барды. Аталмыш іс-сапар барысында аудан басшысы ауыл ақсақалдары және ауылдың белді азаматтарымен кездесіп, алда тұрған бірқатар міндеттемелерді белгілеп, тиісінше округ әкіміне бірқатар тапсырмаларын берді.