
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауы өткізілуде. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар мемлекеттік қызметшілерді айқындау. Байқау 2 кезеңнен тұрады: өңірлік (облыстық) және республикалық.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен байқаудың өңірлік кезеңі өткізілді. Іріктеу қорытындысы бойынша (кейс шешімдері мен құрылымдық сұхбат) республикалық деңгейге өту 22 қатысушының ішінен 2 үміткерге сәті түсті. Оның бірі:
- С.А. Ахмедия- «Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы,
Жерлесімізге республикалық кезеңде жеңіс тілейміз.