АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАУДА!

АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАУДА!

Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен ауданымызға қарасты С.Сейфуллин, Дәрия кенттері мен Бұрма, Ақой ауылдық округтерінде болды. Іс-сапар барысында аудан басшысы елді мекендердегі абаттандыру, тазалық жұмыстарымен қатар, бірқатар құрылыс нысандарын аралап қайтты. Мәселен, қазіргі таңда С.Сейфуллин кентінде көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілетін бірінші нарықтағы тұрғын үй салынуда және кентішілік көшелерге асфальт төселінді. Ал, Бұрма ауылында былтырғы жылы аяқталған таза ауыз су құбыры жүйесінің абоненттерін тұрғындарға беру бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. Сондай - ақ, Дәрия кентінің ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталған ендігі кезек көше бойындағы жарық шамдарын орнату жұмыстарына жоспарлануда.
Осынау аталмыш жұмыстарды аралап шыққан аудан басшысы жергілікті әкімдерге бірқатар тапсырмалар беріп, ауыл ішінің тазалығына қатты мән беруді тапсырды.