
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібінде 31 мамыр саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу шарасының ұйымдастырылуы, “Шаңырақ” көп балалы отбасыларды қолдау орталығының атқарылып жатқан жұмыстары және аудан көлемінде атқарылып жатқан тазалық жұмыстары туралы мәселелер қойылды. Бұл бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, аппараттық кеңесті қорытындылаған аудан әкімі кенттер мен ауылдық округтер әкімдеріне және мекеме басшыларына барлық көтерілген мәселелер бойынша жұмысты жандандыруға және тазалық жұмыстарын қолға алуды тапсырды.