ЖЕРЛЕСІМІЗ САРЫАРҚА БАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

ЖЕРЛЕСІМІЗ САРЫАРҚА БАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Бүгін Қарағанды қаласында қазақша күрестен "Сарыарқа Барысы" облыстық іріктеу турнирі өтті. Аталмыш турнирде ауданымыздың атынан барған Оралов Ақжігіт қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанып отыр. Сондай-ақ, Ақжігіт алдағы уақытта өтетін Қазақстан барысы республикалық турниріне лицензия ұтып алды. Білекті балуанымыз жеңісімен құттықтай отыра, алдағы республикалық байрақты бәсекеде сәттілік тілейміз!