АУДАН ҚҰРАМАСЫ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

АУДАН ҚҰРАМАСЫ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Ағымдағы жылғы 20 мамыр күні Қарқаралы ауданында волейболдан ауылдар мен аудандардың арасында 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Аталмыш турнирде жүлделі екінші орынды Шет ауданының құрама командасы иеленді. Сондай - ақ, осы құрамада Ақсу-Аюлы ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Диасұлы Эльдар мен Маралов Ерхан облысымыздың намысын еліміздің чемпионатында қорғайтын болады. Айта кету керек, аталмыш құраманың жаттықтырушысы Асұлан Совет Ерболатұлы. Жерлестеріміздің жеңісімен құттықтай отыра, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз.