СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Облыс көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына ауданымыздың барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Атап өту қажет, бүгінгі сенбілік аясында аудан бойынша тазалық жұмыстарына 1000-ға жуық адам, 100-ге тарта техника жұмылдырылды.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданымыздың келбетін келістіріп, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.