ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жуырда 7 мамыр күні Тараз қаласында “TARAZ HALF MARATHON 2023” атты халықаралық жартылай марафон жарысы өткен болатын. Аталмыш жарыста жерлесіміз Ж.Толеутай 70 жастан жоғары жас ерекшелігінде 5 шақырым қашықтықты бағындырып, бірінші орынға ие болды. Жерлесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отыра, алдағы болатын жарыстарында жетістікке жетуіне тілектеспіз.