
Кеше аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаевтың төрағалығымен “Ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Шет аудандық филиалының ақсақалдар алқасының кеңесін құру туралы жиын өтті.
Сонымен қатар жиынға аудандық мәслихат төрағасы С.Социал, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Ақымжанов, аталмыш ақсақалдар алқасының төрағасы Ө.Қызылов, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Г.Ахметова және ауыл кент ақсақалдары қатысып, төраға орынбасары мен хатшысын сайлады. Сондай-ақ жиын соңында елді-мекен ақсақалдары өз ой-пікірлерін білдіре отырып, алдағы бірлесіп атқаратын жұмыстарына іс-шара жоспарын құрды.