
Аталмыш шараның мақсаты аудан тұрғындары мен қонақтарын Шежірелі Шет өңірінің тарихымен, құнды музей заттарымен таныстыру, қолөнер шеберлерінің жұмыстарын дәріптеу.
Атаулы мерекелік шараға зиялы қауым өкілдері, аудан басшылары, ауыл ақсақалдары арнайы шақырылып, аудан тұрғындары, ауылымыздың жастары, мектеп оқушылары қызығушылықпен тамашалады.
Мерекелік іс- шара барысында музейлік жоба аясында «КОВОРКИНГ» орталығы ашылып, оған Шет ауданы әкімінің орынбасары Кәрсенбаев Дәурен Құралұлы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қызылов Өмірғали және мәдениет қайраткері Ахметова Гүлшара Қамиқызы салтанатты түрде лента қию рәсімін жасап, құттықтау тілектерін білдірді.
«Коворкинг» - білім мен ғылымға ұмтылған жастардың бас қосар рухани орталығы. Жастарды тұлға ретінде қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
Мерекенің шырайын Шет аудандық мәдени- сауық орталығының дәстүрлі әншілері Е.Ахметов, С.Аманай халық әндерін шырқап әннен шашу шашты.
Сонымен қатар «Музей түні-2023» мерекелік іс –шарасы бағдарламасы бойынша аудан тұрғындарына қолөнер шеберлерінің көрмесі, өнер мектебінің балалар шығармашылық көрмесі, шеберлік сабағы, қуыршақтар театрының қойылымы, Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына арналған көрініс көрерменге ұсынылды.