ЖЕРЛЕС СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ!

ЖЕРЛЕС СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ!

Ағымдағы жылдың 12- 14 мамыр аралығында Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында ересектер арасында “ЖКЛ” қазандық көкпар лигасы өткен болатын. Балуан мен сәйгүліктің ептілігі сыналатын ұлттық сайысқа өңіріміздің әр түкпірінен көптеген көкпаршылар қатысып, нәтижесінде біздің ауданнның атынан барған “Ақсу - Аюлы” көкпар командасы II орынды, ал “ Достық” командасы жүлделі III орынға ие болды.
“Ақсу - Аюлы” командасында Тілеубек Темірлан, Жанбырбаев Әнуар, Тақауиев Мирас, Мәни Айбар сынды спортшылар болса, ал, “Достық” командасының құрамында М.Төлеген, Д.Есмахаев, Қ.Тәуіртаев, Ә.Бейсембековтер өнер көрсетті. Сондай - ақ, аударыспақтан 62 келі салмақ дәрежесінде Советов Фархат III орынды, 82 келі салмақта Советов Ақжол I орынды және 90 келіден жоғары салмақта Төлеген Мадияр III орынды, Тлеубек Темірдан I орынды иеленді. Осы жарыстарда төрешілердің шешімі бойынша жерлестеріміз Есмахаев Дидарға “Үздік шабуылшы”, Тілеубек Темірланға “Үздік ойыншы” номинациясы да берілді. Ал, мергендер сайысы садақ ату бойынша Б.Арыстанбеков IIорынды, Жеңісов Нұрбол III орынды жеңіп алып, мерейімізді тасытты. Осы орайда, жерлестерімізді жеңістерімен құттықтай отыра, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз.