Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен ауданымызға қарасты Ақжал кентіне барды. Сапар барысында аудан басшысына кент әкімі Қ.Садықов елді мекендегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті мен балалар ойын алаңына жүргізілген құрылыс жұмыстарын көрсетті. Осыдан кейін, аудан әкімі алдағы уақытқа жоспарланға құрылыс нысандарының орындарымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді.