СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСУДА

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСУДА

Ағымдағы жылдың 13-16 мамыр аралығында Оңтүстік Корея елінің Сеул қаласында ардагерлер арасында төрт жылда бір өтетін Азия ойындары өтті. Осы чемпионатта дзюдодан Азия кубогының 81 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Манабаев Болат ағамызбен 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болған Ахметжанов Дидар ағамыз.
Осы орайда, жерлестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алда болатын елдің намысы сынға түсетін байрақты бәсекелерде бағы жанып, ауданымыздың атын әлемге таныта берсін демекпіз.