
Кеше халықаралық отбасы күніне орай, аудан әкімдігінің мәжіліс залында “Отбасы - ұлттың ұясы” атты шағын мерекелік шара өтті. Айтулы шараға аудан әкімі М.Мұхтаров қатысып, “Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық тәрбиені жаңғырту - мемлекеттің берік іргетасы саналатының” айтып, қоғамды оң бағытқа бұру жолында отбасы институтын берік қалыптастырып, болашақ жастарымызға үлгі - өнеге көрсетіп келе жатқан отбасыларға алғысын жеткізіп, Құттықтау хаты мен естелік сыйлықтарын табыс етті. Отбасы мүшелері де аудан әкімдігіне алғысын жеткізіп, жастарға арналған тағылымды сөздерін айтып, ақ батасын берді. Шырайлы шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.