
Ағымдағы жылдың 13-16 мамыр аралығында Оңтүстік Корея елінің Сеул қаласында ардагерлер арасында дзюдодан Азия кубогы өтіп жатқан болатын. Осы чемпионатта 18 мемлекеттің сайдың тасындай іріктелген 200-ге тарта спортшылардың арасынан жерлесіміз Сағындық Қанат 90 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз болып, Азия кубогының жеңімпазы атанды. Осы орайда, спортшымызды толайым жетістігімен құттықтап, алдағы уақыттағы байрақты бәсекелерде биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.