
Кеше аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев Ақадыр кентіндегі М.Тұяқов атындағы көшенің бойындағы пилонның ашылу салтанатына қатысты. Аудан басшысының орынбасары ағамыздың еңбек жолына тоқталып, осындай шараны ұйымдастырып жатқан туғандарына және барша ел азаматтарына алғысын білдірді. Мұхамедия Тұяқов еңбек жолын ұстаздықтан бастап, директор, бірнеше мәрте кенттік, аудандық және облыстық атқару комитетінің депутаты, мемлекеттік қызмет саласының ардагері болған.