Ұлттық спорт түрі Жамбы атудан жасөспірімдер арасында Шет ауданынан барған қатысушылар жүлделі орын алды

Ұлттық спорт түрі Жамбы атудан жасөспірімдер арасында Шет ауданынан барған қатысушылар жүлделі орын алды

Жуырда елордамыз Астана қаласында ұлттық спорт түрі Жамбы атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа Ақсу - Аюлы ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Жылдыбай Айеркем мен Байдаш Сырым қатысты. Айеркем қарындасымыз Пұт нысанасы бойынша республика чемпионы атанса, Сырым Орта Азия нысанасы бойынша 2 орынға ие болды. Спортшыларды баптап, еңбек етіп жүрген жаттықтырушы Ахметов Асхат Кәріғұлына алғыс айта отырып, жеңістерімен құттықтап, алдағы додаларда сәттілік тілейміз.