
Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапармен ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде болды. Сапар барысында аудан басшысы алдымен кент ішілік тазалық жұмыстарын аралап шықты.Осыдан кейін, кейбір көкейкесті мәселелерге байланысты мекеме басшыларымен штаб отырысын өткізіп, кент әкіміне бірқатар тапсырмалар берді. Сондай -ақ, қазіргі таңда кентте жүріп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты.