
Кеше 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай, аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мәңгілік алау алаңында марқұмдар рухына тағзым жасауға арналған іс - шара өтті. Шараға аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері, ауыл ақсақалдары мен мекеме қызметкерлері қатысты. Жиылған қауым алдымен қасіретті соғыс жылдары қаза тапқан марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жеңіс күніне арнайы дайындалған сахыналық қойылым көрсетіп, патриоттық әндер шырқады.