ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ!

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ!

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, ауданымыздағы мекемелер арасында шағын футболдан аудан әкімінің кубогы өтті. Айтулы сайысқа ауыл,кент мекемелерінен жалпы саны 12 команда қатысып, өзара бақсынасты.Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев сөз сөйлеп, барша қауымды мерекемен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Әрбір елді мекеннің теңбіл доп шеберлері сынасқан сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды С.Сейфуллин кентінің БЖСМ, 2 орынды Ақадыр кентінің БЖСМ, 3 орын ШЧ-21 Ақадыр кенті иеленді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен медаль, кубоктармен марапатталды.