
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің бас қаласы Астана қаласында өткен “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ” атты республикалық байқауына ауданымызға қарасты Ақжал кентінің әкімі Қайырғали Берғалиұлы қатысып, комиссия мүшелерінің жан - жақты жетістіктерін сараптау нәтижесінде жеңімпаз атанды. Осы орайда, жерлесімізді жүлдесімен құттықтап, алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет жасап, құрметіне бөлене беруіне тілектеспіз.