ТАЗА БЕЙСЕНБІ ӨЗ МӘНІНДЕ ӨТТІ

ТАЗА БЕЙСЕНБІ ӨЗ МӘНІНДЕ ӨТТІ

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу бейсенбідегі тазалық жұмыстарына ауданымыздың барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, қатысты. Әрбір ұжым бөлінген аумақтардың, көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданымыздың келбетін келістіріп, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.