КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ!

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ!

Кеше аудан орталығындағы мәдениет үйінде аудан прокуроры Е.Жаппардың бастамасымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Кәрсембаев және сала бөлім басшыларының қатысуымен жергілікті халықтың көкейкесті мәселелеріне назар аудару мақсатында жеке қабылдау өтті. Аталмыш қабылдауға қатысқан тұрғындар аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру және жертөлесіне толып кететін суын кетіру, кезекпен баспана алу сынды тағы да басқа жеке мәселелерін көтеріп, олардың әрқайсына заңдылықтар аясында жауаптары берілді.