
Ағымдағы жылдың 1-7 мамыр аралығында Үндістан мемлекетінің Алаппужа қаласында пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтуде. Аталмыш чемпионатта ауданымызға қарасты Ақадыр кентінің тумасы, жерлесіміз Марченко Антон 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 59 келі салмақ дәрежесінде отырып-тұрудан 180 келі көтеріп ІІІ орынды, жатып көтеруден, ал, 145 келі салмақты бағындырып 1 - орынды, бітімге тартудан 175 келі салмақты еңсеріп ІІІ орынды иеленді. Жалпы осы Азия чемпионатында Антон 1 алтын, 3 қола медалға қол жеткізіп, ед абыройын асырып отыр. Осы орайда, спортшымызды толайым жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да байрақты бәсекелерде биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.