ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің Аджман қаласында армрестлингтен ХХІ Азия чемпионаты өткен болатын. Әлемнің саңлақ спортшылары бас қосқан айтулы чемпионатта ауданымызға қарасты Ақжал кентінің тумасы, жерлесіміз Ернар Орынбай оң және сол қолдан қола медаль алып, Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Осы орайда, жерлесімізді жүлдесімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.