ПРОШЛО ПЕРВЕНСТВО РАЙОНА ПО ЛЕГКОЙ АТЛЕТИКЕ!

ПРОШЛО ПЕРВЕНСТВО РАЙОНА ПО ЛЕГКОЙ АТЛЕТИКЕ!

1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесіне орай, аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылында аудандық ХІІІ жеңіл атлетика жарысы өтті. Аталмыш біріншілікке кенттер мен ауылдық округтерден және орта мектептерден 15 команда, 16 жастан 60 жас ерекшелігі бойынша спортшылар арнайы келіп қатысып, өзара бақсынасты. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев жарысқа қатысушы спортшыларды мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Нәтижесінде спортшылар ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан қаржылай сертификаттармен, командалық кубок, медальдармен марапатталды. Оның ішінде командалық есепте: жүлделі І - орынды Жамбыл Ақылбаев мектебі, ІІ - орынды Ы.Алтынсарин мектебі, IІІ - орынды Бұрма ауылдық округі, иеленді. Барша командалар мен спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Шежірелі өлкеміздің бұқаралық спорты биік деңгейге көтеріле берсін!