БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ!

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ!

2023 жылдың 27 сәуірінде аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі және ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен және пробация қызметі өкілдері мен жеке сот орындаушысының қатысуымен және Ақадыр кенті мәдениет үйінде бос жұмыс орындары және мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті.
Аталмыш шара аудан тұрғындарының қатысуымен офлайн және онлайн форматында ұйымдастырылып, жәрмеңкеге пробация қызметі есебіндегілермен алимент бойынша борышкерлер қатысты. Жұртшылыққа 9 жұмыс беруші мекемелер тарапынан 62 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жұмыс ұсынушы мекемелер ретінде, білім бөлімі, «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Электрожабдықтау» ЖШС, «Локомотив тран» ЖШС кәсіпорны өкілдері қатысты.
Жалпы жәрмеңкеге, 43 азамат офлайн түрінде консультативтік кеңес берілді. Тұрақты жұмысқа 6 адам орналастырылды.
Сонымен қатар, өз еркімен ниет білдірген тұлғалар қысқа мерзімді кәсіптік оқуды тегін оқи алады. Осындай маңызды мағұлматтар мен пайдалы ақпараттарға толы бос жұмыс орындары мен мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі алдағы уақытта ауданға қарасты барлық елді – мекендерде өткізіледі деп жоспарлануда.